Ссылки доступа

Тәжік әйелі британ шығармасының кейіпкеріне айналды


Британ жазушысы Анники Милисик-Стейнлидің тәжік әйелдерінің тағдырын бейнелейтін "Бас имейтін әйел" ("The disobedient wife") деп аталатын кітабы сатылымға шықты.

Романның негізі – өз күшімен жаңа өмірді бастамақ болған Наргис есімді әйелдің тарихы туралы.

Бұл - автор Тәжікстанда тұрғанда кездескен, өмірлерімен танысқан тәжік әйелдерінің жиынтық образы. Антрополог Анника Милисик-Стейнли 2007-2008 жылдары Душанбеде тұрды.

"Тәжікстандағы өмір маған қатты әсер еткені соншалықты кітап жазуға бел будым. Бір жағынан өте көп адамдардың қызық тағдыры туралы әңгімені көп естідім. Бірақ маған әйелдердің тағдыры қатты әсер қалдырды. Бастапқыда мен шағын ғана эссе жаздым, кейін бәрін қосып, бір романға біріктірдім", - дейді Анника Милисик-Стейнли Азаттыққа (тәжік қызметі) берген сұхбатында.

"Бас имейтін әйел" романы 2015 жылдың қараша айында Cinnamon Press баспасында жарық көріп, 2016 жылдың көктемінде сатылымға шығарылды. Шығармада көптеген тәжік сөздері кездеседі – ширин (шырын), худои ман (Құдайым-ай), нон (нан). "Тәжік сөздері менің шығармамды ерекше етті. Егер мен оларды ағылшыншаға аударсам, нәрі жоғалып кететін еді", - дейді автор.

XS
SM
MD
LG