Ссылки доступа

Пхеньянның зымыран сынағы сәтсіз болды


Оңтүстік Корея әскерилері Солтүстік Кореяның 15 сәуірде таңертең орта қашықтықтағы баллистикалық зымыран сынау әрекеті сәтсіздікке ұшырағанын хабарлады. Сынақ Солтүстік Кореяның негізін қалаған Ким Ир Сеннің туған күніне орай жасалған.

"Солтүстік Корея жұма күні таңертең елдің шығыс жағалауларына жақын аймақта зымыран сынамақ болды, бірақ ол орындалмай қалды" деп мәлімдеді Оңтүстік Кореяның біріккен штаб басшылығы.

Зымыран сынағы сәтсіз болғанын АҚШ қорғаныс министрлігі де растады.

Оңтүстік Кореяның Yonhap агенттігі Пхеньян 3 мың километрден ұзаққа ядролық оқтұмсық алып ұша алатын "Мусудан" орта қашықтықтағы баллистикалық зымыранын сынап көрмек болғанын хабарлайды.

Соңғы айларда Солтүстік Корея билігі АҚШ пен Оңтүстік Кореяға бірдей ядролық соққы беретіні туралы қоқан-лоққы жасаған.

Пхеньян соңғы уақытта ядролық оқ-дәріні кішірейту саласында жетістіктерге жеттік деп үнемі айтып келеді.

XS
SM
MD
LG