Ссылки доступа

Өзбек мигранттарында Ислам Каримовке сұрақ жоқ (видео)


Ресей президенті Владимир Путиннің "Тікелей желіде" азаматтардың сұрақтарына жауап беріп, шенеуніктерге тұрғындардың проблемасын шешуге тапсырма беру тәжірибесі әзірге постсоветтік елдердің өзге басшыларында жоқ.

Дегенмен Орталық Азия елдерінің басшылары көбінде Ресей билігіне еліктейді. Дәл Владимир Путиннің "тікелей желісіндей" болмаса да, кейбір елдің лидерлері соған ұқсас баспасөз мәслихатын өткізеді.

Тікелей эфирдің орнына Орталық Азия елдері президенттің жергілікті тұрғындармен алдын-ала жоспарланған кездесулер өткізуді әдеткен айналдырған. RFE/RL өзбек қызметі Мәскеуде күн көріс қамымен жүрген мигранттар арасынан "Каримовке қояр сұрағыңыз бар ма?" деген сауалнама жүргізген еді. Бірақ ешқайсысының президентке қоятын сұрағы болмады. Сауалнама 14 сәуірде шамамен 100 шақты мигрант тамақтан уланып, ауруханаға түскен кезде жүргізілді.

XS
SM
MD
LG