Ссылки доступа

Өзбекстанда мектептен қашқандарды ұстауда


Өзбек милициясы базарларда арбамен тауар таситын, көшеде қайыр тілейтін және сабақ кезінде интернет-кафелерде ойын ойнайтын оқушыларды мектепке қайтаруда

«Оқушы» атты шараны халықтық білім Басқармасы мектеп басшылығымен бірлесіп өткізуде.

Наманган облыстық халықтық білім Басқармасындағы дерекккөз Орталық Азия жаңалықтары Қызметіне соңғы екі күнде мектепті тастап базарларда арбамен тауар тасып жүрген немесе автокөлік жөндеу орындарында жұмыс істеп жүрген ондаған баланы тапқандарын айтқан.

Өзбекстанда барлық бала 12 жылдық білім алуға міндетті. 9 сынып бітірген жасөспірімдер міндетті түрде академиялық лицейлер мен кәсіптік колледждерде үшжылдық білім алады.

Бақылаушылардың дерегінше, Өзбекстанда көптеген оқушы мектептен отбасылық жағдайына байланысты қалады.

Тұрмысы төмен ата-аналар баласына мектеп киімі мен оқуға керек-жарағын сатып алып бере алмайды, осының салдарынан көптеген бала мектепті тастап жұмыс істеуге мәжбүр.

Дегенмен намангандық журналист Насыр Закир облыстағы балалардың мектептен қалуының басқа да себептері барын айтады.

– Бұған мұғалімдер де кінәлі.Олар балаларды әр нәрсеге, мәселен теоефондарына ақша салуға жұмсайды. Интернет кафедегі оқушыдан: «Неге сабақ уақытында ойын ойнап отырсың?»деп сұрасаң, олар: «Алаңдамаңыз, мен мұғалімге ескертіп кеттім» дейді. Қазір мектепке балалар саны күрт төмендеп кетті, – дейді журналист.

XS
SM
MD
LG