Ссылки доступа

Мұнай экспорттайтын елдер келісімге келе алмады


Иран өкілінің Дохадағы кездесуге келмеуі шешім қабылдауға кедергі келтірген.

Катарда жексенбі күні келіссөздерде мұнай экспорттайтын елдер көмірсутек өндірудің көлемін қазіргі күйінде қалдыру мен оның бағасын тұрақтандыруға қатысты мәмілеге келе алмады. Bloomberg агенттігі экспорттаушы елдердің мұнай өндіру көлемін қысқартуға қатысты келісімге келе алмауы дағдарыстан шығуға қажет "бірлесіп әрекет етудің болашағына балта шапқан" әсер қалдыратынын хабарлады.

Дохада ұсынылған жобага келіссөзге қатысушы барлық тарап оны мақұлдаған жағдайда ғана қол қойылады.

Дохдағы конференцияға 16 мұнай өндіретін елдің өкілдері келді, олардың арасында ОПЕК құрамына кірмейтін Ресей секілді мемлекеттер де бар.

XS
SM
MD
LG