Ссылки доступа

Бұрынғы КСРО елдерінің азаматтары сақтандырушыларды алдайды


Посткеңестік елдерден келген азаматтар құрған Германиядағы науқастар мен мүгедектерді қарайтын амбулаториялық қызметтер осы елдегі аурухана, сақтандыру және әлеуметтік төлем мекемелерін кем дегенде бір миллиард евроға алдаған.

Қлымсытық істер жөніндегі Федералды ведомствоның осыған қатысты есебін Bayerische Rundfunk қоғамдық құқық компаниясы мен Die Welt газеті жариялады. Екі компания да журналистердің қолына түскен құпия құжаттарға сілтеме жасайды.

Басылымдар Германияда науқасты күту "орыс мафиясы" секілді ұйымдардың қызмет ететін саласына айналғанын жазады. Ұйымдасқан "орыс-евразиялық" қылмыстық топтары сақтандыру кассаларын алдап соғудың түрлі әдісін тапқан, оның ішінде кең тарағаны – көрсетілген қызмет туралы құжатты қолдан жасау және өтірік ауырған науқастарды осындай қылмысқа итермелеу. Үнемі күтімді қажет ететін науқастарды өтірік күткені үшін әр науқас үшін айына 15 тысяч еуро алып келген.

XS
SM
MD
LG