Ссылки доступа

Пентагон: ресейлік Су-27 АҚШ ӘӘК барлаушы ұшағын нысанаға алды


АҚШ қарулы күштерінің Еуропалық қолбасшылығының өкілі америкалық ақпарат құралдарына, 14 сәуір күні Балтық теңізінің үстінде халықаралық әуе кеңістігінде жоспарлы ұшу кезінде, АҚШ ӘӘК RC-135 барлаушы ұшағын ресейлік жойғыш ұшақтың ұстап алғанын хабарлады.

Дэнни Эрнандестің айтуынша, ресейлік Су-27 жойғыш ұшағы тарапынан бұл әрекет "қауіпті әрі кәсіби біліксіз түрде" жасалған. Оның сөзінше, ресейлік ұшақ "бейберекет әрі агрессияшыл" маневрлер жасапты.

Ресейдің қорғаныс министрлігінің өкілі, генерал-майор Игорь Конашенков жауап ретінде ресейлік ұшақтың "әуе кеңістігін пайдалану туралы халықаралық талаптарға сай ұшқанын" мәлімдеді. Ол сонымен бірге, Су-27 ұшағының америкалық барлаушы ұшаққа "тым қауіпті түрде жақындағанын жоққа шығарды.

Бұл оқиға ресейлік Су-24 ұшақтары бірнеше күн бойы Балтық теңізіндегі халықаралық суларда жүрген америкалық "Дональд Кук" кемесіне қауіпті түрде тым жақын ұшқандарынан кейін болып отыр. Америка тарабы бұл оқиғаларды қатаң сынға алған болатын.

XS
SM
MD
LG