Ссылки доступа

Астанада цирк жануарларын қорғауға арналған акция өтті


Астанада жануарларды циркке шығаруға қарсы зооқорғаушылар акция өткізді. Белсенділер "Мега Астана" ойын-сауық кешенінің алдына, қолдарына жануарлардың суреттері бейнеленген плакаттармен шыққан. Онда "Сіздерге көңілді ме? Оларға жоқ!", "Цирк – жануарлар үшін тозақ" деген жазулар бар.

- Біз циркке қарсы шығудамыз. Себебі онда нағыз зорлық-зомбылық жасалынады. Еуропаның көптеген елдерінде жануарларды қолға үйрету кезінде, ұрып-соғатыны, аш қалдыратыны дәлелденген. Біздегі цирктерде де солай болатынына сенімдімін. Қазір көптеген елдерде жануарларды циркке алып шығуға заң арқылы тыйым салынған. Тіптен Иранда да рұқсат жоқ. Біздің ел де өркениетті деңгейге шығып, тыйым салынса дейміз, - дейді астаналық зооқорғаушы Илья Науменко.

Бір сағатқа жетер-жетпес уақытқа созылған акция барысында жануарларды қорғаушылар тұрғындарға ұнпарақ таратты.

17 сәуір дүниежүзілік Цирк күні. Алайда Ресей және ТМД елдерінің зооқорғаушылары бұл күнді Цирктегі жануарларды қорғау күні деп есептейді. Айта кету керек, қоғамдық белсенділер бұл акцияны Астанадағы цирктің алдында өткізбек болған. Бірақ жергілікті билік рұқсат бермеген.

XS
SM
MD
LG