Ссылки доступа

Сирия оппозициясы Женева келіссөзіне үзіліс жариялауын сұрайды


Делегация сирийской оппозиции в Женеве
Делегация сирийской оппозиции в Женеве

Сирия оппозициясының өкілдері БҰҰ-ның Сирия жөніндегі арнайы елшісі Стаффан де Мистурадан Женевада өтетін кезекті келіссөзді кейінге шегеру жөнінде өтініш жасады.

Ақпарат агенттіктері оппозициялық делегация мүшелерінің сөздерінен сілтеме бере отырып, олар өздерінің қайта жасақталуына жағдай жасалғанша, үзіліс жасай тұруын сұраған.

Сирия оппозициясы үкімет әскерін әсіресе Алеппо аймағында бітім шартын бұзды деп айыптайды. Дүйсенбі күні бірнеше оппозициялық топ бірлескен мәлімдеме жасап, онда Латакия мен Хама провинциясына өздерінің шабуылдауын, Башар Асад армиясына берген жауабымыз деген.

Сирияда соғысты тоқтату жөніндегі келісім ақпан айының соңында күшіне енген еді. Алайда сол күннен бастап бітім шарты бірнеше рет бұзылды. Қақтығысушы тараптар бір-бірлерін айыптап келеді.

XS
SM
MD
LG