Ссылки доступа

Ресей қырым татарларының Межілісіне тыйым салды


Министр юстиции России Александр Коновалов
Министр юстиции России Александр Коновалов

Ресейдің әділет министрлігі қырым-татар халқының Межілісін экстремистік ұйымдар тізіміне қосып, оның жұмысына тыйым салды. Мекеменің ресми сайтында бұл шешімді аннексияланған Қырымның прокуроры Наталия Поклонскаяның қаулысы негізінде қабылдағаны айтылған.

Алдын Amnesty International халықаралық құқық қорғау ұйымы Поклонскаяның қырым- татар халқының Межілісі қызметін тоқтату жөніндегі шешімін сынға алып, аз ғана халықтың құқығын бұзып отыр деп мәлімдеген. Қырым-татар халқының өкілдері Қырым прокурорының шешімін "қылмыс" деп бағалайды.

Қырым татарлары Қырымда тұратын екі миллион халықтың 15 пайызын құрайды. Олардың дені Ресейдің 2014 жылы аймақты аннексиялауына қарсы шыққан.

XS
SM
MD
LG