Ссылки доступа

Эквадор билігі өлім санының артуынан қауіптенеді


Үкімет бұл апатты 1979 жылдан бергі болған үлкен жер сілкінісі деп отыр. Ол кезде 600-ге тарта адам қайтыс болып, 20 мың адам жарақат алған еді.

Билік құрбандардың саны артуы мүмкін деп қауіптенеді, себебі адамдардың көбі қираған үйлердің астында қалып қойған.

Швейцария, Испаниядан және Латын Американың бірқатар елдерінен көмек келіп, жоғалып кеткендерді іздеуді жалғастырып жатыр. Жер сілкінісінің эпицентрі туристік аймақ Мусин қаласынан 28 шақырым қашықтықта болған. Зілзала Кито астанасында да қатты білінген.

Электр жарықтары мен ұялы байланыс өшкен. Ең ірі қала Гуаякильде бірқатар ғимараттар бұзылған.


XS
SM
MD
LG