Ссылки доступа

Талибан қозғалысы командирлерінен айрылуда


Ауғанстан үкіметі 17 сәуірде Құндыз қаласының маңында болған ұрыста Талибан қозғалысының ең беделді командирлерінің бірі - Мухибулла Хакёр мен оның 7 сарбазының мерт болғанын хабарлады.

Калъаи уезінің басшысы Зол Махбубулло Сохиби Құндызды шабуылдауда сәтсіздікке ұшыраған тәлібтердің елсіз жерді паналауға мәжбүр болғанын айтты. «Бірақ олардың саны көп емес. Талибан содырларының арасында Тәжікстан мен Өзбекстаннан келген жалдамалылар бар», - деді ол.

Радио Озодиға берген жауабында ол ұрыс алаңында табылған 8 адамның мәйітінің ішінде тек Мухибулла Хакъёрдің денесі анықталғанын хабарлады. Бұл командир Калъаи Золдың тумасы және мина қою маманы саналатын.

Құндыз провинциясының билігі үкімет әскері мен тәлібтердің қақтығысынан соңғы күндері Талибан қозғалысының тағы екі командирі – Мулло Саддам және Хабиб Насри қаза тапқанын мәлімдеді. Алғашқысы 8 содырымен бірге Катта-Хейл елді мекенінде мерт болса, екіншісін үкімет әскері 5 жауынгерімен бірге Құндыз қаласының іргесіндегі Джаргузар қалашығында өлтірген.

XS
SM
MD
LG