Ссылки доступа

Тамара Калеева Қазақстан журналистер Одағының төрағасының міндетін атқаратын болды


ҚазТАГ агенттігі халықаралық "Әділ сөз" сөз бостандығын қорғау ұйымының президенті Тамара Калеева Қазақстан журналистер Одағының төрағасының міндетін атқаратынын хабарлады.

Қазақстан журналистер Одағының қазіргі төрағасы Сейітқазы Матаев қазір бюджет ақшаларын қымқырды және салықтан жалтарды деген күдікпен үй қамауында отыр.

Калееваны журналистер Одағының басқарма төрағасының міндетін атқарушы ретінде сайлау мәселесі апта басындағы бейнеконференция барысында қаралған. Сейітқазы Матаев ұсынған оның кандидатурасы бірауыздан қолдау тапқан.

Сейітқазы Матаевты жемқорлыққа қарсы қызмет 22 ақпанда ұстады. Өткен аптада сот оны қамауда ұстау мерзімін үш айға созды. Егер оны кінәлі деп тапса, ол 12 жылға дейін сотталуы мүмкін. Осы іс бойынша оның ұлы Әсет Матаев, ҚазТАГ ақпарат агенттігінің жетекшісі де үй қамауында отыр. Матаевтар өздеріне тағылған айыптарды мойындамайды және бұл қудалауды БАҚ пен үкіметтік емес ұйымдарға қысым жасау ретінде санайды.

XS
SM
MD
LG