Ссылки доступа

Тамара Калеева Қазақстан журналистер Одағы төрағасының міндетін атқарады.


ҚазТАГ ақпарат агенттігі халықаралық "Әділ сөз" сөз бостандығын қорғау ұйымының президенті Тамара Калееваның Қазақстан журналистер Одағы төрағасының міндетін атқаратынын хабарлады.

Қазақстан журналистер Одағының қазіргі төрағасы Сейітқазы Матаев бюджет ақшасын қымқырды және салықтан жалтарды деген күдікпен үй қамауында отыр.

Калееваның журналистер Одағы төрағасының міндетін атқаруы апта басындағы бейнеконференцияда талқыланды. Оның кандидатурасын Сейітқазы Матаевтың өзі ұсынған және ол бірауыздан қабылданды.

Сейітқазы Матаевты жемқорлыққа қарсы қызмет 22 ақпанда ұстады. Өткен аптада сот оның қамауда ұстау мерзімін үш айға ұзартты. Егер ол кінәлі танылса 12 жылға дейін сотталуы мүмкін. Осы іс бойынша оның ұлы, ҚазТАГ ақпарат агенттігінің жетекшісі Әсет Матаев та айыпталуда. Матаевтар тағылған айыптарды мойындамайды және қудалауды БАҚ пен үкіметтік емес ұйымдарға жасалған қысым деп бағалауда.

XS
SM
MD
LG