Ссылки доступа

Кабулда 300-ден астам адам лаңкестік шабуылдан жапа шекті


Ауғанстан астанасында тәлібтердің қауіпсіздік қызметінің кеңсесіне жасаған шабуылынан кемінде 28 адам өліп, 300-ден астамы жараланған.

Ауғанстан ІІМ баспасөз хатшысы Сиддик Сиддики Орталық Азия жаңалықтар Қызметіне 19 сәуірдегі шабуылдың жанкешті-лаңкес айдаған жүк көлігінің жарылуынан басталғанын хабарлады. Артынша қарулы содырлар шабуыл жасаған.

Кабулдың полиция бастығы Абдул Рахман Рахими қаза тапқан 28 адамның көбі бейбіт тұрғындар екенін айтты. Ол жарылғыш зат тиелген көліктің қауіпсіздік қызметі ғимаратының жанындағы қоғамдық тұрақта жарылғанын мәлімдеді. Содырлардың бірі қаза тапқан.

Ауған қауіпсіздік күштерінің сарбаздары да жарақат алған. Алғашқы жарылыстан бірнеше сағаттан соң, кешке екінші жарылыс болған, алайда адам шығыны мен жараланғандар жоқ. Жарылыс салдарынан, ондаған тұрғын үй мен үкімет ғимараттарына зақым келген.

XS
SM
MD
LG