Ссылки доступа

Сот Ресейдің мәдениет вице-министрінің мүлкін тұтқынға алды


Мәскеудің Лефортов соты Ресейдің мәдениет министрінің орынбасары Григорий Пирумовтың бар мүлкін тұтқындағанын растады. Ол мемлекет қазынасынан мәдени мұраны қалпына келтіруге бөлінген қаржының 100 млн рубльін жымқырды деп айыпталады.

Соттың баспасөз хатшысы Екатерина Краснова істі алдын ала тергеу аясында айыпталушының дүние-мүлкіне құлып салынды дейді. Бірақ қандай мүліктері екенін айтпады.

"Интерфакс" агенттігі дереккөзіне сілтме жасай отырып, Пирумовтың банктегі есепшотынан ондаған миллион рубль анықталғанын хабарлайды.

Григорий Пирумов Федералды қауіпсіздік қызметі жүргізіп жатқан қылмыстық іске байланысты 15 наурызда ұсталған. Тергеу дәйегі бойынша, Пирумов ескерткішті қайта қалпына келтіруге өте қомақты ақша белгілеген. Ол өзіне тағылған айыпты мойындамайды. Бұл іс бойынша алты адам тұтқынға алынған.

XS
SM
MD
LG