Ссылки доступа

Қырғыз парламенті спикер сайлай алмай жатыр


Жогорку Кенеш жаңа кандидаттармен спикерді қайтадан сайлау өткізеді. Бұл жөнінде парламенттің отырысында хабарланды.

Спикерлікке үміткерлер "Қырғызстан" фракциясының лидері Қанат Исаев пен "Онугуу-Прогресс" лидері Бакыт Торбаев бірдей 51 дауыстан жинады.

Бакыт Торобаевтың сөзінше, мұндай оқиға тарихта бірінші рет болып отыр. Ол сайлаудың әділ өткенін айтып, үнемі осылай болса деген үмітін білдірді.

Ал Канат Исаев дауыс беру нәтижесіне қатты таңқалғанын айтады. "Тіптен егер алдын ала ойластырса да, бұлай болмаушы еді", - деген ол әріптестерімен бірге жұмысын әрі қарай жалғастыра беретінін айтты.

Еске сала кетейік, Қырғызстанның экс-спикері Асылбек Жээнбеков туған ағасы елдің премьер-министрі болғаннан кейін, өз еркімен қызметінен кеткен болатын.

XS
SM
MD
LG