Эр-Риядқа сапары барысында Обама Сауд Арабия королі Салманмен оның сарайында жеке кездесу өткізді.
Бүгін басталатын Парсы шығанағы елдерінің конференциясына қатысуға келген АҚШ қорғаныс министрі Эштон Картер аталған елдердің лидерлері мен қорғаныс министрлерін Иракты саяси және экономикалық қолдауға шақырды. Бұл кезедсуге Сауд Арабия, Кувейт, Бахрейн, Біріккен Араб Әмірлігі, Оман және Катар елдерінің басшылары қатысады. Пентагон басшысы АҚШ Иранның қатеріне қарсы Парсы шығанағы елдерімен бірге болатынын нақтылады.
АҚШ президенті Барак Обама тақ мұрагері Әбу-Даби шейх Мұхаммед бен Заид әл-Нахайян ханзадамен де кездесті. Обама мен ханзада Йемендегі жағдайды реттеуге және Ливияның жаңа үкіметіне халықаралық қолдау көрсетуге уағдаласты.