Ссылки доступа

100 жылда тұңғыш рет 20 долларлық банкнотта әйел бейнесі пайда болады


Би би си АҚШ қаржы министрлігіне сілтеме жасай отырып, жаңа 20 долларлық банкноттарда құлдыққа қарсы күрескен афроамерикалық белсенді әйел Гарриет Табменнің бейнесі басылатынын хабарлайды.

Ол жүз жылдан астам уақыттан бері америкалық банкноттарда бейнеленген тұңғыш әйел атанбақ. Бұған дейін мұндай құрметке 1891-1896 жылдары шыққан бір долларлық күміс сертификаттарда бейнесі басылған елдің бірінші ханымы - Марта Вашингтон мен 1865-1869 жылдар аралығында айналымда жүрген 20 долларлық ақшада бейнеленген үнді ханшайымы Покахонтас ие болған еді.

Жаңа 20 долларлық ақшада құлдыққа қарсы күрескен Гарриет Табмен АҚШ-тың жетінші президенті, құл иеленуші болған Эндрю Джексонды алмастырады.

Былтыр қаржы министрлігі 10 долларлық ақшадағы АҚШ қаржы жүйесінің негізін қалаған Александр Гамильтонның бейнесін алмастыруды жоспарлап отырғанын хабарлаған еді. Бұл бастамаға АҚШ қоғамы қарсы шықты.

XS
SM
MD
LG