Ссылки доступа

Қырғыз депутаттары ауқаттыларға да жәрдемақы бергісі келеді


Кыргызстан: депутаты хотят раздавать деньги на пособия богатым
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:02:33 0:00

Қырғызстанда "Мемлекеттік жәрдемақылар туралы" заңға ауқатты азаматтарға да мемлекет көмек беретін өзгертулер енуі мүмкін.

Қазір төленетін жәрдемақының мөлшері оны алатындардың көбіне жетпейді.

Заңға өзгерту енгізуді ұсынған депутаттардың бірі, Ұлан Пірімов: "Заң жобасы 170 мың бала мен ересекті қамтиды. Мемлекет қазынасынан 1 млрд 748 миллион сом бөлу қажет болады. Мен бұл шара халықтың әл-ауқаты төмен бөлігін қолдауға серпін болады деп ойлаймын", - деп мәлімдеді.

Дегенмен, жаңа заң қабылданған жағдайда, әлеуметтік төлемдерді мұқтаж жандарға қоса тұрмысы жақсы азаматтар да ала алатын болады. Мысалы осындай жәрдемақы алуға құқы бар зейнеткерлердің ішінде судья болған зейнеткерлер, бұрынғы покурорлар мен шенеуніктер бар. Олардың 20 мың сомнан асатын зейнетақылары күнкөріс деңгейінен онсыз да жоғары боп тұр.

Сарапшылар жәрдемақы тағайындау жүйесін өзгертудің орнына, оның мөлшерін өсіруді ұсынуда."Қазіргі жәрдемақы мөлшері - 705 сом (шамамен $10), орташа айына - 767 сом ($11). Бұл ақша тіпті азық-түлік алуға да жетпейді", - дейді әлеуметтік мәселелер бойынша тәуелсіз сарапшы Назгүл Ташпаева.

XS
SM
MD
LG