Ссылки доступа

Ұлыбритания патшайымы Елизавета II 90-ға келгенін тойлауда


Бүгін Ұлыбританияның ханшайымы Елизавета II 90-ға келді. Британ тағында 64 жылдан бері отырған ол – британ тарихындағы ең ұзақ билеген монарх.

Елизавета II британ мемлекеті мен ұлттар Достастығының билеушісі ретінде қызметін әлі орындап келеді. Оның мерейтойы бүгін ғана емес мамыр мен маусымда да жалғасады.

Елизавета II туған күнін отбасы және жақын адамдарымен бірге Виндзор қамалында тойламақ. 12-15 мамыр аралығында Виндзор саябағындағы 25 мың көрермен сиятын үлкен алаңда мыңнан астам әнші, биші мен өзге де әртіс қатысатын мерекелік қойылым өтеді. Патшайымның ең сүйікті ісі - ат жарысы мен өзге де сауыққа тоғыз жүз салт атты қатысады.

18 ғасырдан келе жатқан дәстүр бойынша, британ билеушілерінің туған күндерін ресми түрде тойлау маусым айының екінші немесе үшінші сенбісіне белгіленеді. Бұл мерекелік шараларды далада, оның ішінде корольдік гвардиясының парадын өткізуге қолайлы уақыт саналады. Бірақ биыл ресми салтанатты шаралар үш күнге созылып, 10 мен 12 маусым аралығында өтпек.

XS
SM
MD
LG