Ссылки доступа

ЮНИСЕФ: Қырғызстанда миллионнан астам бала жоқшылық көруде


I
I

Қырғызстанда миллионнан астам бала кедейшілікте өмір сүреді және әлеуметтік жағынан қорғалмауына байланысты қиындықтарды бастан өткеруде. Бұл туралы ЮНИСЕФ ұйымының «Орталық және Шығыс Еуропа, Кавказ, Орталық Азия елдеріндегі балалар құқығы мен әл ауқатын әлеуметтік жағынан қорғау» деп аталатын жаңартылған есебінде жарияланды.

Құжатта аталған өңірлердегі 30 шақты ел мен аумақтардағы балаларды әлеуметтік қорғау саласындағы үрдістер туралы соңғы мәліметтер жиналған.

Есепте: «Қырғызстанда миллионнан астам бала әлеуметтік жағынан қорғалмаған, сапалы қызмет көрсету жағынан қиындық көреді және түрлі табиғат апаттарының алдында дәрменсіз», - деп жазылған.

ЮНИСЕФ ұйымының Қырғызстандағы өкілі Юкиэ Мокуо: «Балалар мен отбасын әлеуметтік қорғауға көп ақша мен тиісінше көңіл бөлген елдер балалар кедейлігін жеңуде ең жақсы нәтиже көрсетеді. Қырғызстан үкіметі кедейлік деңгейін төмендетуге күш салуда, оның ішінде әлеуметтік қолдау көрсетуге (тұрғындардың әлсіз топтарына жәрдемақы беру мен әлеуметтік қызмет көрсету) тырысуда. Дегенмен қаржыландыру деңгейі әлі де төмен. Біз ертеңгі күні тұрақты даму үшін бүгінненбастап балаларды әлеуметтік қорауға инвестиция құюға шақырамыз», - деп мәлімдеді.

XS
SM
MD
LG