Ссылки доступа

АҚШ Ресейдің қырым-татарлары межілісіне тыйым салуын сынға алды


Құрама Штаттар Ресейден қырым-татарлар межілісін экстремистік ұйымға кіргізген шешімін алып тастауға шақырды. Бұл жөнінде АҚШ мемлекеттік департаментінің өкілі Джона Кирби хабарлады.

Межіліс ұзақ жылдар бойында езілген қырым-татарларының тарихынан сыр шертетін ұйым болып саналады. Ол халықтың мәдениетін, тарихын сақтап қалу үшін маңызды. Межіліске тыйым салу демократия талаптарына қайшы келеді делінген АҚШ таратқан мәлімдемеде.

АҚШ мемлекеттік департаментінің өкілі ресейлік заңдар Қырымға жүрмейтінін, себебі ол Украинаның бір бөлігі болып саналатынын ескертеді. Ол сонымен бірге, Ресей Қырымға басқыншылық әрекетін қоймаса, АҚШ енгізген санкцияның күшінде қала беретінін атап өтті.

18 сәуірде Ресейдің әділет министрлігі аннексияланған Қырымның прокуроры Наталия Поклонскаяның шешімі негізінде қырым-татарлары межілісін экстремистік ұйымдардың тізіміне енгізіп, қызметіне тыйым салған.

Киевте бұл оқиға бойынша "қырым-татарлары халқының ұлттық намысын қасақана кемсіткені" үшін қылмыстық іс қозғалды. Amnesty International халықаралық ұйымы да Ресей билігінің әрекетін сынға алып, айыптады.


XS
SM
MD
LG