Ссылки доступа

ИМ-ның тәжік эмиссары Анас Сирияда өлтірілген


Жүздеген жерлестерін "Ислам мемлекеті" террористік ұйымының қатарына арбап кіргізген жас тәжік ақпаратқа сәйкес, Сирияда өлтірілген болуы мүмкін.

21 сәуірде Тәжікстанның құқық қорғау органдары "Анас" деген лақап атпен танымал, Нүрек қаласының тұрғыны 26 жастағы Анушервон Азимов Сирияда қаза тапқан деп хабарлады. Ол жүздеген жас тәжікті "Ислам мемлекеті" террористік ұйымының қатарына кіргізумен айналысқан.

Алдын Тәжікстан билігі соңғы екі жылда Мәскеуде тұрып келген Анушервон Азимовқа іздеу жариялағанын хабарлаған.

"Анас" жайында ақпарат құқық қорғау органдарына жарты жыл бұрын түскен. Ол кезде Анас Ресейде болған. Оған іздеу жариялана салысымен ұшты-күйлі жоғалып кеткен.

XS
SM
MD
LG