Ссылки доступа

Өзбекстан: бизнесті тіркеу 30 минөт


Өзбекстанның сауда-өндіріс палатасы "Өзбекстанның бизнес-форумының" (фаза III) қолдауымен бизнесті тіркеуге реформа жүргізуді жалғастырып жатыр.

Gazeta.uz интернет-басылымының жазуынша, 2015 жылдың 15 мамырдағы президент жарлығына сәйкес, кәсіпкерлік нысандарын мемлекеттік тіркеуге түбегейлік реформа жүргізу жұмыстарына дайындық жүргізіліп келген.

Ұсынылған жаңа жоба онлайн жүйесі бойынша кәсіпті 30 минөт ішінде тіркеуге мүмкіндік береді.

Дүниежүзілік банктің "Doing Business" есебі бойынша Өзбекстан биыл "Бизнесті тіркеуде" 42-орынға көтерілген. Былтырғы жылмен салыстырғанда 22 позиция бойынша алға шыққан.

XS
SM
MD
LG