Ссылки доступа

Тәжікстан туризмі қарқынды дамып келе жатқан ел ретінде аталды


БҰҰ-ның туристік ұйым жөніндегі баяндамасында 2015 жылы Тәжікстанға 414 мың турист барғаны айтылады. Ол алдыңғы жылмен салыстырғанда 94 пайызға бірден өскен.

БҰҰ-ның Бүкіләлемдік туристік ұйымының зерттеуі нәтижесінде, туризмі қарқынды дамып келе жатқан елдердің алғашқы үштігінде Тәжікстан, Парагвай (Оңтүстік Америка) және жаңазеландиялық Ниуэ аралы енген.

"Орталық Азияның ең кішкентай, кедей еліне барушылар саны артқан. Әсіресе Памир тауы экстремальды туризмге және "жабайы" демалысқа қолайлы. Памир жолы — атақты Ұлы Жібек жолының бір бөлігі. Ал Душанбеде Орталық Азиядағы ең үлкен Будданың мүсіні сақталған, - делінген баяндамада.

Тәжікстанның жастар, спорт және туризм комитетінің мәліметінше, өткен жылы елге 400 мың турист келген.

XS
SM
MD
LG