Ссылки доступа

Атыраудағы жерді сатуға қарсы наразылық (видео)


Атырауда Жер кодексіне өзгерістер енгізуге қарсы жалпы халықтық митинг өтті. Қатысушылар енгізілген өзгерістер жерді шетелдіктерге жалға беруге және сатуға мүмкіндік береді деп есептейді.

24 сәуірде Атыраудағы Исатай-Махамбет алаңында өткен митингке мыңнан астам адам жиналды. Жиналушылар Жер кодексіне енгізілген өзгерістер жерді шетелдіктерге сатуға жол береді дейді. Үкімет әзірге мұны жоққа шығарады. Наразы білдірушілерге жергілікті билік басшылары келіп, Жер кодексіне енгізілген өзгерістер Қазақстан тәуелсіздігіне қауіп төндірмейді деді. Билік сонымен бірге митингтің заңсыз өтіп жатқанын айтып, халықтан тарауын сұрады.

​Бірнеше сағатқа созылған митинг облыс әкіміне өздерінің талаптарын ел үкіметіне және парламентке жеткізуге уақыт беріп, бейбіт түрде тарады.

Қазақстанның Жер кодексіне енгізілген өзгерістер 1 шілдеден бастап күшіне енуі тиіс. Ондағы өзгерістерге сәйкес, үкімет шетелдіктермен бірлескен кәсіпорындарға жерді 25 жылға дейін жалға береді. Митингті ұйымдастырушылар он күн бұрын жергілікті билікке өтініш жазған. Алайда билік рұқсат бермеген.

(Видео логотипсіз: https://rfeftp.rferl.org/?ShareToken=BF478FAC4DFC107E874224403D33498A494465B2 )

XS
SM
MD
LG