Ссылки доступа

Тәжікстан: Сот туысқан некені айырды


Хусрав 2009 жылы өзінің немере қарындасы Зиёдеге үйленген. Жеті жыл өткен соң сотқа ажырасу жөнінде өтініш жазған. Оның айтуынша, дүниеге келген ауру балалары отбасылы өмірлерінің сәнін кетірген.

Судья Марзия Саидзоданың шешімінде "Олардың отбасын сақтап қалу мүмкін емес, жас жұбайлар туысқан болғандықтан, кемтар балалар туылған" делінген.

Хусравтың бұрынғы әйелі Зиёда күйеуіне ешқандай наразылығы жоқ екенін, дүниеге келген кемтар балалар араларының суып кетуіне себеп болғанын, содан бері бөлек тұратынын айтқан. Тұңғыштары ауру болып туған екен, көп ұзамай шетінеп кеткен. Екінші балалары сау болады деп үміттенген екен, екеуі де емделіпті. Бірақ өкінішке қарай екіншісі де кемтар болып туған.

Зиёда мен Хусрав Отбасы жөніндегі жаңа Кодекс қабылданғаннан кейін ажырасып отыр. Онда туысқан некеге тыйым салынады. Тәжікстан билігі өткен жылы туысқан некелер ұлттың генофондының бұзылуына әкеп соғады деп дабыл қаққан болатын.

Денсаулық сақтау министрлігі 2016 жылдың қаңтарына дейін Тәжікстанда 25 мың мүгедек бала есепке алынғанын айтады. Олардың 30 пайызы туысқан некеден туғандар.

XS
SM
MD
LG