Ссылки доступа

Порошенко Савченко таяу арада Украинаға қайтады деп сенеді


Украина президенті Петр Порошенко Ресейде сотталған ұшқыш Надежда Савченко бірнеше аптаның ішінде отанына оралады деген сенімде.

"Менде қазір нық сенім бар. Менің өкілдерім бар президенттік ұшақпен бірнеше аптаның ішінде Надежда Украинаға оралады. Мен үшін және көптеген украиндықтар үшін бұл үлкен мереке болмақ", — деді Порошенко украиндық телеарнаға берген сұхбатында. Украин лидерінің сөзінше, Надежда Савченконы қайтару жөнінде 18 сәуірде Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесу кезінде талқылаған.

Кремль Порошенконың мәлімдемесіне әзірге түсініктеме бермеді. Алдын ресейлік билік Савченконы еліне қайтаруға қатысты қандай да бір келісімнің болғанын жоққа шығарып келді.

Алайда Надежда Савченконың адвокаты Марк Фейгин украиналық ұшқыштың бірнеше апта ішінде еліне оралатынына күмән келтіреді.

22 наурызда Ресей соты Надежда Савченконы екі ресейлік журналисті өлтірді деген айыппен 22 жылға бас бостандығынан айыру жөнінде үкім шығарды. Савченконың өзі айыбын мойындамайды.

XS
SM
MD
LG