Ссылки доступа

"Ердоғанға тіл тигізгені" үшін журналистке айыппұл салынды


Түріктің бас оппозициялық «Джумхуриет» газетінің бас редакторы Джан Дундар алдын-ала болжам бойынша ел президенті Режеп Тайып Ердоғанның намысына тиді-міс деген айыппен 10 мың долларға сомаға жуық айыппұл төлеуі тиіс.

Журналистің адвокаты қорғауындағы адамға қарсы іс тілшінің 2013 жылы үкіметтегі жемқорлық дауы туралы мақаласына қатысты қозғалғанын хабарлады. Сот әзірге айыппұл салудың себебін ресми түрде жария етпеді.

Twitter-дегі парақшасында Дундар: «Егер шындықты айту қылмыс болса, біз оны жасай береміз» деген жазба қалдырған. Газет редакторы мен оның әріптесі Ердем Гүлге қарсы Түркияның сириялық көтерілісшілерге қару-жарақ жеткізіп беріп отырғаны туралы мақалаларға байланысты үкіметті құлатуға тырысты деген тағы бір айып тағылған. Егер кінәлі деп танылса, өмір бойы түрмеге отырулары мүмкін.

Қазір Түркияда президентке тіл тигізді деген айыппен екі мыңға жуық адамның үстінен сот өтуде. 24 көкекте елде Ердоған туралы сыни мақала жазған түбі түрік голланд журналисті ұсталды. Германия билігі түрік президенті туралы сатиралық поэмасын телехабарда оқыған неміс комигінің үстінен қылмыстық іс қозғауға уәде етті. Түркия оны шет мемлекеттің басшысын қорлағаны үшін соттауды талап етуде.

XS
SM
MD
LG