Ссылки доступа

Назарбаев жер дауына қатысты пікірін білдірді


Қазақстан президені Нұрсұлтан Назарбаев қоғамның наразылығын тудырған Жер Кодексіне енгізілген өзгерістер туралы пікірін білдірді. Атырауда «жерді шетелдіктерге сатуға қарсы» жаппай наразылық шарасы өткен еді.

Астанада жаңа бас прокурор Жақып Асановты таныстырып отырып, президент Назарбаев: «Онда біз жерді шетелдіктерге сатамыз деген сөз жоқ. Ондай болмайды. Біздің мақсатымыз — жеріміздің жөнсіз пайдаланылып, құмға айналып кетпесінен бұрын, құр жатқан жерлерді өз игіліктері үшін қазақстандық азаматтарға жекешелендіріп пайдалануға мүмкіндік беру. Жерді латифундистер алып алды. Олардың біреулері пайдаланады да, екіншілері пайдаланбайды. Жерге қурай шығып, ол адамдарға бақыт әкелуі тиіс, пайда әкелуі тиіс деп айтылатын қазақстандық жердің түсініксіз мақсаттарға қолданылып жатқанын көріп отырмыз. Осының барлығын жұрт басқаша түсініп отыр. Белгілі бір формада құқықтар мен міндеттер түсіндірілмейді, осыдан эксцесстер пайда болады», — деді.

XS
SM
MD
LG