Ссылки доступа

Білім министрі: ҰБТ "басқаша" болады


Қазақстанның білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев мектептерге бітіру емтихандарының оралатыны туралы мәлімдеді. Оның сөзінше, Бірыңғай ұлттық тестілеу (ҰБТ) — мектептің бітіру емтиханы мен оқу орнына түсу сынағын біріктіретін байқау есебінде енді «басқаша» болады және интеграциялық тестер деп аталатын сынақ түрлеріне көбірек ұқсамақ.

Мектеп директорларына жасаған үндеуінде Сағадиев келесі жылы ҰБТ -ның әлеуметтік қызметті арқалайтын шара ретінде әкімдер мен мектептердің, аудандық білім басқармаларының рейтингінен кететінін кететінін хабарлады.

— Ол мағыналы түрде болады. Оған мектептен тек интеллектуалды деңгейін көтеру арқылы ғана дайындалуға мүмкін болады. Сондықтан балаларды тоғызыншы сыныптан колледждерге қуудың еш мәні болмайды. Колледжге түсу үшін ҰБТ тапсрудың қажеті жоқ. Колледжге тоғызыншы сыныптан кейін де, мектеп бітірген соң да түсуге болады, — деді Сағадиев. — Енді біз колледж бен мектептен кейінгі шарттарды тең қыламыз. Олардың бәрі ҰБТ тапсыратын болады -, деді министр.

Бұған дейін Қазақстанның білім және ғылым министрлігі ҰБТ нәтижесінде қажетті ұпай жинай алмаған бала ақылы түрде тағы бір мәрте сынақ тапсыра алатыны туралы хабарлаған еді.

XS
SM
MD
LG