Ссылки доступа

Обама: Путин еуропалық бірлікті бұзғысы келеді


Сұхбат америкалық CBS News арнасынан көрсетілген. Онда Обама мысал ретінде Еуропадағы мигранттар дағдарысын атаған.

"Бұл шиеленісті, еуропалықтар бірлігінің құлдырауын оңшыл ұлтшылдар алға жылжытып отыр. Мұны мистер Путин қолдап отыр", — деген Обама. Америкалық президент НАТО мен ЕО Ресей лидеріне қауіп төндіреді деген сөзге қатысты өзінің пікірін айтты.

"Мен ол қателеседі деп ойлаймын. Мен оған Еуропаның күшті, бірлігі мықты ел екенін, сыртқы әлемге ашық Ресеймен жұмыс істегісі келетінін көрсеттім. Бірақ ол әлі түсінбейтін секілді", - дейді Барак Обама.

Барак Обама Еуропаға сапарын қорытындылып сөз сөйледі. Оның сөзінше, мигранттар дағдарысы мен ислам террористері қаупін анықтайтын сәт туды.

XS
SM
MD
LG