Ссылки доступа

Әуежайда тұрып келген сириялықтарға Ресейден баспана берілді


2015 жылдың 10 қыркүйегінен бері күрд отбасы төрт баласымен әуежайдың транзитті аймағында тұрып келген.

Ресей билігі Сириядан келге босқын отбасына уақытша тұруға баспана берді.

Босқын баспанасы бір жылға берілген. Оны әрі қара создыруға мүмкіндіктері бар. Отбасының адвокаты Твер облыстық миграция жөніндегі қызметі олардың бәріне арнайы куәлік берді деп хабарлайды.

"Ресей аймағында бізге босқын мәртебесін берді. Қолымызда барлық ресми құжатымыз бар. Енді біздің отбасымыз қауіпсіз. Ресей билігі бізді соғыс болып жатқан елге қайтармайды", –деп қуанады босқындар.

XS
SM
MD
LG