Ссылки доступа

Бурыл: баланы өлтіргені үшін 12 жыл


Жергілікті ақпарат агенттіктерінің хабарлауынша, Жамбыл облыстық қылмыстық істер жөніндегі арнайы мамандандырылған ауданаралық соты 18 жастағы Дурсуна Каваз-оглын айыпты деп танып, 12 жылға бас бостандығынан айыру жазасын белгілеген.

Судья Азамат Тілепов айыпталушы ұсталған кезде жасы әлі 18-ге толмағандықтан оған заңға сәйкес, барынша ұзақ мерзім берілді деген.

15 ақпанда Бурыл ауылының бір отбасы үйінен кішкентай ұлдарының азаптап өлтірілген денесін табады. Ауылда екі күндей толқу болды. Ауданда ұлтаралық қақтығыс орын алуы мүмкін деп қауіптенген полиция арнайы қосымша жасақ кіргізген.

Күдікті келесі күні ұсталған. Полиция қылмыс үйді тонау мақсатында жасалғанын айтқан.

XS
SM
MD
LG