Ссылки доступа

Ресей мен Қазақстанның әуе компаниялары Ыстықкөлге тікелей рейстер ашуға дайын


Бұл туралы «Манас халықаралық әуежайы» ААҚ инвестициялық және инфрақұрылымдық даму дирекцисының басшысы Әбдімәлік Бұсұрманқұлов мәлімдеді.

Тамшы ауылындағы әуежайдағы жұмыстар туралы айта келе Бұсұрманқұлов қайта құру жұмыстарының 4 бағытта жүріп жатқанын айтты. Оған жарықпен белгі беру құралдарын орнату, ұшақтарды қондыру жүйесі, электр қуатын тоқтаусыз беру жағын қамтамасыз ету мен ұшу-қону алаңдарын ұлғайту жұмыстары кіреді. Қазір ұшу-қону жолағы 3 800 метрге ұзарған.

"Ыстықкөл" әуежайын қайта құру жұмыстарын маусым айының ортасында аяқтау көзделген, одан кейін әуежай жыл бойы күндіз-түні істемек.

«Ресей мен Қазақстанның әуе компанияларынан тікелей әуе жолдарын ашу туралы ұсыныстар түсті. Туристік маусым қарсаңында Тамшыға Алматыдан, Астанадан және Шымкенттен тікелей әуе қатынасы ашылады. Одан бөлек Ош – Тамшы» бағытындағы ішкі рейстер де ұшуын жалғастырады, - деді Бұсұрманқұлов.

Ресейлік туристік операторлар ресейліктер үшін биыл Қырғызстан ең қалаулы демалыс бағытына айналғанын хабарлады.Биыл жазда бұл елге 100 мыңнан астам ресейлік демалушы келіп, олардың басым бөлігі Ыстықкөлде демалады деген болжам бар.

XS
SM
MD
LG