Пентагондағы жиында Питер Герстен былтыр Бағдатта жыл сайын экстремистер қатары мың жарым-екі мың адамға толығып келсе, қазір бұл көрсеткіштің екі жүзге дейін түсіп кеткенін хабарлады. Ол сонымен бірге экстремистер арасында қашқындар санының өскенін айтты.
Генералдың сөзінше бұған шетелдік коалиция күштерінің топтың қаржы көздерін жауып тастауға жасаған әрекеті де елеулі әсер еткен. Содырлардың 20-дан астам шебіне жасалған соққыдан содырлардың 800 миллион долларға жуық ақшалай капиталы жойылған. Герстен ИМ басшылығының жалдамалыларға ақша төлеу мүмкіндігінің төмендеуінен содырлар қатарындағы көңіл-күй нашарлап кеткенін мәлімдеді. АҚШ басқаратын коалиция күштері лаңкестердің шебін 2014 жылдың тамызынан бері бомбалап жатыр.