Ссылки доступа

Ресей Сирия оппозициясына қарсы соққыны қайта бастады


Ресей әуе күші Сирия президенті Башар Асад режиміне қарсы оппозициялық күшке соққыны қайта бастады.

Бұл жөнінде сейсенбі күні Сирияда "Ислам мемлекеті" террористік ұйымына қарсы соғысып жүрген халықаралық коалицияның америкалық қолбасшысына сілтеме жасап, америкалық басылымдар жазды.

Онда коалиция басшысының орынбасары генерал Питер Герстен "Біз Ресей әскерінің Алепподан Пальмираға дейін бомбалап жатқанының куәсі болып отырмыз. Олар бұл аймақтарда ұрысты қайта жаңартты" деген.

Әуе соққылары АҚШ қолдайтын сириялық оппозиция бақылайтын аймақтарда да жүргізілген. Америкалық генерал АҚШ өздерінің әрекеттерін ресейлік әскеримен үйлестірмейтінін атап өткен. "Біз тек оларды сырттан бақылап отырмыз. Орыстармен ара-қатынасымыз осымен ғана шектеледі", — деген Питер Герстен.

Foxnews телекомпаниясының мәліметі бойынша, әуе соққылары Сирияға қатысты бітім шарттарын бұзып отыр.

Өткен аптада АҚШ пен Ресей президенттері телефон арқылы сөйлесу кезінде Барак Обама Владимир Путинді сириялық билікті әуе соққыларын тоқтатуға ықпал етуге шақырған еді. Ал Мәскеу болса, ресейлік әуе күштері радикалды топтар "Әл-Нусра майданы" мен "Әл Каиданы" атқылап жатқанын айтады.

XS
SM
MD
LG