Ссылки доступа

Каримов Мәскеуді Ауғанстандағы келіссөзге қатысуға шақырды


Ислам Каримов сонымен бірге Мәскеуде Ресей президенті Владимир Путинмен кездесу кезінде Шанхай ынтымақтастық ұйымының Ауғанстандағы әскери және саяси оқиғаға қатысуы керек емес деп есептейтінін де жеткізген.

Ол "Талибан" қозғалысы мен ауған үкіметі арасында келіссөз жүргізу барлық көрші аймақтар үшін маңызды екенін атап өткен. Соңғы айларда Кабул, Пәкістан, Қытай және АҚШ елдерінің бітімгерлік жөніндегі кеңестері нәтижесіз болып келеді.

Путин өз кезегінде Ресей мен Өзбекстан халықаралық антитеррорлық ұйымның құрылуын қолдайды деп атап өтті. Каримов Мәскеуге екі күндік сапармен 25 сәуірде келген.

XS
SM
MD
LG