Ссылки доступа

Азаттықтың фильмі Webby Awards жүлдесіне ие болды


Азаттық радиосы қырғыз қызметінің тілшісі Уланбек Эгизбаевтың "Нұрғазының арманы" деп аталатын қысқаметражды бейнебаяны Webby Awards сыйлығының "Халық үні" санаты бойынша "Үздік видео" номинациясын жеңіп алды.

Бейнебаян Нарын облысы Кочкор ауданында тұратын арбаға таңылған Нұрғазы жайында. Ол ауылдың шетінде тұрады. Мектепке бұзылған жолдар бойымен мүгедектер арбасымен мектепке әрең жетеді. "Элим барсынбы" ұйымының еріктілері оған квадроцикл сыйға тартқан екен. Енді Нұрғазы сабақтан кешікпеймін деп уәде береді.

"Нұрғазының арманы" бейнебаянына 2 миллион 300 мың адам дауыс берген. Байқауға әлемнің 65 елінен 13 мың видеоматериал қатысқан.

Нұрғазы жөніндегі екінші бейнебаян әлеуметтік желілерде қызу талқыланды. Оны "Настоящее время" каналының Фейсбуктағы парақшасында 236 мың 341 рет көрген. 4172 рет бөліскен. "Әл Жазира" ағылшын тіліне аударған.

10 желтоқсанда болған "Бир дуйно – Қырғызстан" халықаралық кинофестивалі осы "Нұрғазының арманы" фильмімен ашылды.

Webby Awards — халықаралық кәсіби интернет-сыйлығы. Жыл сайын әлемнің үздік веб-жобаларына, интернет-жарнамаларға, желілік бейнебаяндарға, мобилді телефондар үшін қызметтерге беріледі.

XS
SM
MD
LG