Ссылки доступа

Тәжікстан: мұқтаждарға тегін нан


Худжанд тұрғыны Максада Содикова наубайхана ашылғалы бері күнде келіп тегін нан алып тұрады. Озоди радиосына (Азаттықтың тәжік қызметі) берген сұхбатында өзінің жұмыс істемейтінін, мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырғанын айтады. "Мен күнде осы жерден тегін нан алып кетемін. Біз сияқты мұқтаждарға бұл өте жақсы көмек болды", - дейді ол.

Наубайхана Тәжікстандағы Согда облысы Қызыл жарты ай қоғамының бастамасымен ашылған. Ұйым өкілі Парвиз Джабборзода наубайхананың ұйым мүшелерінің жарнасынан және қайырымдылықтан түскен ақшаға ашқандарын айтады. “Қазір 280 мұқтаж адам бар. Олардың көбі мүмкіндігі шектеулі жандар, зейнеткерлер. Күнара екі наннан алып кетіп тұрады”, – дейді ол.

Оның сөзінше, наубайхана күніне 1500 бөлке нан пісіреді. Оның 1 мыңға жуығын - бір бөлке нанды 1.5 сомониға сатады. Одан түскен ақша нан пісірушілердің айлығы мен шикізат сатып алуға жұмсалады.

XS
SM
MD
LG