Ссылки доступа

Иранда төрт журналисті түрме жазасына кесті


Иранның ұлттық қауіпсіздігіне қарсы әрекет жасады деп төрт ирандық журналист 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандықтарынан айырылды.

Төртеуі былтыр қараша айында ұсталған. Оларға АҚШ пен Ұлыбритания үкіметімен астыртын байланыс орнатқан деген айып тағылған.

Сот шешімімен шолушы Давуд Асади 10 жылға, журналист Афарин Читсаз 5 жылға, Farhikhtegan апталық газетінің бас редакторы Ихсан Мазандараниді 7 жылға және тағы бір журналист Саман Сафарзай 5 жылға бас бостандықтарынан айырылған. Тұтқындалған бесінші журналист Исса Сахархизаның тағдыры белгісіз.

Исса Сахархиз Мохаммад Хатами елді билеп тұрған кезде мәдениет министрлігінің журналистер кеңсесін басқарған. Әрі тыйым салынған "Афтаб" газетіне жетекшілік еткен.

Жүздеген журналист былтыр желтоқсан айында әріптестерін босату жөнінде талап етіп, петицияға қол қойған болатын.

XS
SM
MD
LG