Ссылки доступа

Түркияда жарылыстан 8 адам жараланды


Түркияның солтүстік -батысындағы Бурса қаласында бас мешіттің жанындағы жарылыстан сегіз адам жараланған. Бұл жөнінде Түркияның премьер-министрі Ахмет Давутоглу мәлімдеді.

Жарылысты террорист әйел жасаған. Бұл биылғы жылы Түркияның ірі қалаларында болған бесінші теракті.

Оқиға Құрама штаттар Түркияны туристік аймақтарда террористік қауіп бар деп ескерткен күннің ертесінде орын алған.

Бурса қаласы Түркиядағы үлкендігі жағынан төртінші қала. Стамбұлдың оңтүстігінде орналасқан.

XS
SM
MD
LG