Ссылки доступа

Қазақстан қалаларында жерді сатуға қарсы митингтер өтіп жатыр


Kazakshtan -- Rally on land issue. Photo from Olga Klimonova's Facebook page. Aktobe, 27Apr2016

Kazakshtan -- Rally on land issue. Photo from Olga Klimonova's Facebook page. Aktobe, 27Apr2016

Сәрсенбі күні Ақтөбе қаласының бірінші президент саябағына бірнеше жүздеген адам жер мәселесіне қатысты митингке шықты. Онда ауыл шаруашылығына қолайлы жерлерді шетелдіктерге жалға беруге наразылық танытқан. Митинг жөнінде ақпарат мобилді мессенджерлер арқылы таратылған. Митинг басталар алдында саябақты "жәндіктерден тазартуға" жапқан.

Сол күні Семейде де Жеңіс саябағында бірнеше жүздеген адам рұқсат етілмеген митингке шықты. Олар да жер мәселесіне қатысты пікірлерін жеткізді.

"Біздің бірінші талабымыз — жер шетелдіктерге жалға берілмеуі тиіс. Екіншіден, 1 шілдеден бастап ауыл шаруашылығы жерлері аукцион арқылы сатыла бастайды. Біз жердің жеке меншікке өтуіне қарсымыз", — дейді митингке қатысушы Гүлфайра Жәнібекова.

Ақтөбе және Семейдегі наразы халықтың алдына жергілікті әкім мен прокуратура өкілдері келген. Полиция оқиғаға кедергі келтірмеді. Билік өкілдері митингке қатысушыларға өтініштерін жазбаша түрде беруін сұрады. Олардың тілектерін Астанаға жеткіземіз деп уәде берді. Қол қойғаннан кейін халық бейбіт түрде тарады.

Еске сала кетейік, 24 сәуірде Атырауда да жер мәселесіне қатысты жаппай халықтың митинг өтті.

XS
SM
MD
LG