Ссылки доступа

Өзбекстанмен арадағы даулы аймақтағы тұңғыш тәжік мектебі


Соғды облысы Спитамен ауданы Сарбанд жамағатындағы Джоми қышлағында тұңғыш әрі жалғыз тәжік мектебі ашылды.

Жаңа мектеп Өзбекстанның Бекабад ауданымен шекара сызығы өтетін Фархад су қоймасына жақын салынған. Шекара жанындағы жамағатта тәжіктер мен өзбектер бірге тұрады, алайда бұған дейін мұнда Өзбекстанның мектеп бағдарламасымен сабақ беретін өзбек тіліндегі жалғыз №4 орта мектеп болды.

Соғды облысының төрағасы Абдурахмон Кодири 26 көкектегі мектептің ашылу салтанатында білім ордасының тәжік оқушыларын мемлекеттік мектеп бағдарламасымен қамту туралы жергілікті тұрғындар мен ұстаздардың өтініші бойынша салынғанын айтты.

Спитамен аудандық білім бөлімінің басшысы Баходур Турабоев бұған дейін Джоми және Дусти қышлақтарында тұратын оқушылардың 5 шақырым жердегі мектепке қатынап оқуға мәжбүр болғандарын айтады. Осылайша күні бүгінге дейін 90 шақты тәжік оқушысы өзбек мектебінде көрші елдің оқу бағдарламасымен оқып келді.

Қазір №4 орта мектептің 70 пайыз оқушысы жаңа мектепке ауысқан. Кейбір өзбек ата-аналар да мемлекеттік тілге үйрету үшін балаларын тәжік мектебіне ауыстырған.

XS
SM
MD
LG