Ссылки доступа

"Восточный" ғарыш айлағынан алғашқы зымыран тасығыш ұшырылды


Бейсенбі күні, таңертең екінші мәрте талпыныста "Восточный" ғарыш айлағынан алғашқы зымыран тасығыш ұшты.

Ақпарат агенттіктерінің хабарлауынша, ұшырылғаннан он минут өткен соң, жер серіктері орналасқан "Волга" ғарыштық бөлігі зымыраннан ажыраған.

Ұшу кезінде ғарыш айлағында болған Ресей президенті Владимир Путин жобаға қатысушыларды құттықтап, "олардың мақтан тұтуға тұрарлық іс істегендерін" мәлімдеді.

"Союз-2.1а" зымыраны 27 көкекте ұшырылуы тиіс еді, бірақ ұшыруға бір жарым минут қалғанда белгісіз себеппен тоқтатылды.

XS
SM
MD
LG