Ссылки доступа

Танымал өзбек әншісі Севара қыз туды


ТМД елдеріне танымал өзбек әншісі Севара Назархан қызды болды. Әнші АҚШ-тағы клиникалардың бірінде босанған.

Өзбекстанның еңбегі сіңген әртісі Севара Назархан қуанышымен Instagram парақшасында бөліскен.

Өзбек тіліндегі «Улугимсан ватаним» (Ұлы менің Отаным) атты үздік патриоттық әндердің бірін орындаушы Севара перзентін АҚШ-тағы клиникалардың бірінде босанған.

Әнші мен оның күйеуі, продюсер Бахрам Прімқұловтың отбасында бұл екінші бала. Ерлі-зайыптылардың 7 жастағы Денгиз есімді ұлы бар.

Севара Назархан Ресей мен Еуропаның атақты рок-музканттарымен бірге ән шырқаған саусақпен санарлық өзбек орындаушыларының қатарына жатады.

XS
SM
MD
LG