Ссылки доступа

Украинаның шығысында артиллерия мен мина атқыштар жиі қолданыла бастады


ЕҚЫҰ-ның Украинаның шығысындағы бақылаушылар тобының жетекшісі соңғы айларда оқ атпау туралы келісімді бұзудың жиілеп кеткенін мәлімдеді.

Ертұғрыл Апаканның мәлімдемесінде соңғы күндері төрт адамның мина атқыштардың құрбаны болғаны туралы жазылған. ЕҚЫҰ миссиясының басшысы қарулы қақтығыс пен онымен байланысты зорлық-зомбылық қайтадан "мазасыз деңгейге" көтерілгенін айтады.

Апакан Минск келісімін тек толық бітімді сақтау арқылы ғана жүзеге асыруға болатынына сенімді. Оның пікірінше, оқ атпау туралы келісімге қатысушы барлық тарап бұған қатысты нақты қадамдар жасап және бітімді сақтауға дайын екенін айқын көрсетулері керек.

Украинаның шығысы мен оңтүстігіндегі қақтығыс салдарынан сепаратистер мен үкімет әскері соғысып жатқан 2014 жылдың көктемінен бері 9 100-ден астам адам қаза тапты, тағы 21 мыңы жараланды.

XS
SM
MD
LG