Ссылки доступа

Бішкек 138 жылдығын атап өтуде (видео)


Бүгін 29 сәуірде Қырғызстан астанасы Бішкек күнін атап өтіп жатыр.

Мереке күніне орай қала әкімдігі бірқатар шаралар ұйымдастырған. Солардың ішінде "Кок-Жар" және "Каинды" тұрғын үй кешендерінде жаңадан балабақшалар ашылды. Фучик саябағында, жастар бағында, Жас Гвардия бульварында спорттық шаралар өтіп жатыр.

Ататүрік және Қарағай саябақтарында жалпы халық серуендеуге шықса, Ұлттық кітапханада қала күніне арналған фотокөрме ашылды. Мұнан бөлек астаналық сағаттардың тілі қобыздың үнімен жылжиды.

Кешкісін Құрманжан Датқа ескерткішінің алдында мерекелік концерт өтеді.

Қала күнінде қытайлықтар сыйға тартқан жаңа автобустар да жүре бастады.

XS
SM
MD
LG