Ссылки доступа

Түрік парламентінде "күрд мәселесі" төбелеске ұласты


Түркияның Ұлы ұлттық кеңесінде (парламент) құқық қорғау органдарының контртеррористік қызметін талқылау барысында төбелес орын алды.

Rudaw күрдтерді қолдайтын сайттың жазуынша, төбелес биліктің Әділдік және даму партиясы мен еліндегі аз ұлт күрдтерді қолдайтын Демократиялық халық партиясы (ДХП) өкілдері арасында орын алған.

ДХП мүшесі Ферхат Энджу парламентте сөйлеген сөзінде құқық қорғау органдары контртеррористік операция барысында бейбіт халықты өлтіреді деп, құрбан болғандарды еске алуға шақырған. "Мен арнайы қызмет өкілдерінің қолынан балалардың өлетініне өкініш білдіремін", - деген ол. Депутаттың бұл сөздері билік партиясы өкілінің шамына тиіп, Ферхат Энджуді террорист деп атағанын жазады politeka.net.

"Мен Силопи қаласының бейбіт тұрғындары атынан сөйлеймін. Робоски ауылында зымыраннан көз жұмғандар атынан сөйлеймін. Бұл сіздерге ұнамауы мүмкін, бірақ мен бұл жөнінде айтамын", – деген Энджу. Осыдан кейін парламент спикері оны тоқтатқан. Орнына отыра берген Ферхат Энджуге билік партиясының депутаттары бас салған. Арты төбелеске ұласқан.

Түркияда Сириямен арадағы шекарадан өтпек болған 18 күрд белсенділері өлтірілген. Қаза тапқандар Демократиялық одақ партиясының мүшелері болған. Бұл партия Түркияда террористік ұйым болып саналады.

XS
SM
MD
LG